Ағымдағы жылдың 2-6 қараша аралығында  Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының 28 қазан 2026 жылғы №304,307 бұйрықтарының негізінде, 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығының ұйымдастыруымен  облыстағы Бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарының қызметкерлерінің кәсіби  біліктілік деңгейін  арттыру мақсатында «БМСК ұйымдары деңгейінде туберкулезді ерте анықтау, диагностикалау және емдеу» тақырыбында 3 күндік семинар тренинг (3 топпан жасақталған) өтті. Тренингті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығы, Ғылыми оқу орталығының жетекшісі, медицина ғылымының кандидаты Сидоренко Ольга Альбертовна өткізді.Семинар тренингпен жалпы 161 дәрігер қамтылды. Семинар соңында дәрігерлердің  білімдері тестілеу әдісі бойынша бағаланды.