Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы мониторинг және бағалау тобы мамандарының 2026 жылға арналған мониторинг жүргізудің бекітілген кестесіне сәйкес, сондай-ақ Жамбыл облысы Әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының 2026 жылғы 20 қаңтардағы № 9-ө бұйрығы негізінде 2026 жылғы 1–4 қазан аралығында Байзақ және Жамбыл аудандарында 2026 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша туберкулезге қарсы іс-шаралардың іске асырылуына жоспарлы мониторинг жүргізілді.
Мониторингтің мақсаты:
- Есепті кезеңдегі туберкулезге қарсы іс-шаралардың орындалу тиімділігін бағалау.
- Алдыңғы мониторингтік сапарлардың қорытындысы бойынша берілген ұсынымдардың орындалуын талдау.
- Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсету.
Мониторинг барысында мамандарымен бірлесіп, әрбір терапиялық участок бойынша 2027 жылға арналған туберкулезге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарлары егжей-тегжейлі пысықталып, түзетілді. 2027 жылға арналған жоспарларды қалыптастыру кезінде мынадай негізгі бағыттарға ерекше назар аударылды:
- Профилактикалық іс-шаралар: «жоғары қауіп» топтарын флюорографиялық тексерумен қамту, сондай-ақ тиісті халық арасында туберкулин диагностикасын (Манту сынамасы, Диаскинтест) уақтылы жүргізу.
- Ерте анықтау және диагностика: туберкулезге күдікті белгілері бар адамдарды тексеру алгоритмдерін тікелей АМСК деңгейінде заманауи молекулалық-генетикалық әдістерді (GeneXpert) қолдана отырып жетілдіру.
- Ошақтық жұмыс: туберкулез инфекциясы ошақтарында індетке қарсы іс-шаралар жүргізу сапасын арттыру, оның ішінде қатынастағы адамдарды уақтылы тексеру және оларға профилактикалық ем тағайындау.
