Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының 2026 жылғы 20 қаңтардағы № 9-ө бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 12–20 қазан аралығында Тараз қаласының қалалық емханаларында туберкулезге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға жоспарлы мониторинг сәтті жүргізілді.
Мониторинг барысында келесі міндеттер іске асырылды:
- 2026 жылдың 9 айындағы туберкулезбен аурушаңдық пен өлім-жітім деңгейін қоса алғанда, негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштерге кешенді аудит жүргізілді.
- Халықты профилактикалық қамтудың толықтығы, атап айтқанда флюорографиялық тексеруден өткізу, БЦЖ вакцинациясы, сондай-ақ қауіп-қатер тобындағы тұлғаларға мониторинг жүргізу барысы бағаланды.
- Молекулярлық-генетикалық диагностиканың (GeneXpert) енгізілу тиімділігі мен бақыланатын амбулаториялық емдеу стандарттарының сақталуы талданды.
- Алдыңғы мониторингтік сапардың қорытындысы бойынша берілген ұсынымдардың орындалу сапасы зерделенді.
Әрбір терапиялық учаскедегі жұмыс жекелей ұйымдастырылды. Сапар барысында жергілікті жерлердегі мамандарға туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру үшін қажетті ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді.






