Ағымдағы жылдың 5 қазанынан бастап Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының мониторинг және бағалау тобы Шу ауданында туберкулезді ерте анықтау бойынша әдістемелік – ұйымдастыру қолдау көрсетуде.
Мониторингтік сапарлар аясында Шу аудандық орталық ауруханасы, «Бірлік» және «Абай» медициналық амбулаториялары, сондай-ақ Шу қалалық емханасы мен қалалық ауруханасы қамтылды. Сапар нәтижелері эпидемиологиялық сырқаттанушылық көрсеткіштерінде оң үрдістің байқалатынын және халықты флюорографиялық скринингпен қамту деңгейінің нысаналы көрсеткіштерге жеткенін көрсетеді.



