ҚР ДСМ 15.01.2026 жылғы № 09-1-1-09/2307 кестесіне сәйкес, 2026 жылғы 21-25 қыркүйек аралығында «Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК (ҚР ҰФҒО) мамандары Жамбыл облысына жоспарлы іссапармен келді.
Іссапардың мақсаты — облыстағы туберкулезге қарсы және басқа да медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық–әдістемелік және практикалық көмек көрсету, туберкулездің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс–шараларға мониторинг жүргізу және бағалау.
2026 жылғы 21 қыркүйекте мониторинг тобы Тараз қаласындағы келесі мекемелерге барып, жұмыс жүргізді:
«Тараз қалалық көпсалалы ауруханасы» ШЖҚ МКК,«№ 4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы (балаларға арналған)» КММ, «№ 5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ, Жамбыл облыстық перинаталдық орталығы (ОПЦ)
Мониторинг тобының құрамы:
А.Р. Нажмиден – ҚР ҰФҒО Мониторинг және Бағалау (МжБ) бөлімінің басшысы (Топ жетекшісі); Ф.А. Аблимитова – ҚР ҰФҒО МжБ бөлімінің маманы, куратор; З.С. Бекбенбетова – ҚР ҰФҒО МжБ №5 балалар мен жасөспірімдердегі ТБ және КДТ ТБ емдеу бөлімшесі басшысының м.а.; Г.Д. Алгазиева – Жасанды интеллектіні енгізу және пайдалану жөніндегі ұлттық кеңесші; А.Б. Көптлеуова – Қазақстандағы Жаһандық қордың зертханалық іс бойынша ұлттық маманы/сарапшысы; А.А. Джунусова – ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «НПЦСЭЭ М» филиалының дәрігер-эпидемиологы.







