Бүгінгі таңда Қазақстанда туберкулезді диагностикалау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынған заманауи молекулалық-генетикалық әдіс – GeneXpert ПТР-зерттеуі кеңінен қолданылады.
🔬 GeneXpert әдісінің маңыздылығы неде?
Бұл әдіс шамамен 2 сағат ішінде:
• туберкулез қоздырғышын анықтауға;
• бір мезгілде негізгі туберкулезге қарсы препараттардың бірі – рифампицинге төзімділікті анықтауға;
• диагнозды жылдам қойып, қажетті емді уақтылы бастауға мүмкіндік береді.
📌 Зерттеу үшін тек қақырық қана емес, аурудың түріне байланысты жұлын сұйықтығы, плевра сұйықтығы, лимфа түйіндерінің пунктаты, несеп және нәжіс те зерттелуі мүмкін.
GeneXpert өкпе туберкулезін де, өкпеден тыс туберкулезді де диагностикалау үшін қолданылады.
📊 Әдістің спецификалығы – 99%, сезімталдығы – 95%.
🇰🇿Молекулалық-генетикалық диагностика Қазақстанның барлық өңірлерінде қолжетімді. Заманауи жабдықтар туберкулезді жедел диагностикалауды халыққа барынша жақындатып, тексеруден бастап емдеуді бастауға дейінгі уақытты қысқартуға мүмкіндік береді.
💚 Туберкулез неғұрлым ерте анықталса, тиімді емді соғұрлым тез бастауға және инфекцияның одан әрі таралуының алдын алуға болады.
GeneXpert – жылдам. Дәл. Сенімді.
Табысты емдеудің және туберкулезсіз болашақтың кілті!
#ҚФҚ#Туберкулез#ТуберкулезДиагностикасы#GeneXpert#ПТР#ТуберкулездіТоқтатайық#ТуберкулезЖазылады#Қазақстан#Фтизиопульмонология




