Жамбыл облыстық  денсаулық сақтау басқармасының ағымдағы жылдың 6 тамыздағы №220-ө бұйрығы негізінде Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығында құрамында 5 маманнан жасақталған жұмысшы тобы   бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілген кесте бойынша 28 тамызда

«Туберкулезге қарсы атқарылып жатқан іс-шараларды есептеу,  жинақтау, жіктеу;  ҚР ДСМ 2020 жылғы №214/2020 бұйрығы  3 параграфының 80,81 пункттеріне сәйкес,«Ауру қауіпі жоғары топ, міндетті флюорографиялық тексеруге жататын топтың бекітілген санын қадағалау, цифрлық медициналық карта,  маркерлермен жұмыс атқару, ахуалдық орталық есептері және 2027 жылға жасақталатын флюорожоспарға  дайындық» іс-шараларына әдістемелік көмекке мониторинг жүргізу  үшін өз жұмысын Мойынқұм  аудандық ауруханасында жалғастырды. Жұмысшы топ құрамының жетекшісі: бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Абдыхалықов Е.Ш.,  еңбек күнінің соңында  Мойынқұм ауданына қарасты емханада атқарылған жұмыстар, айтылған сын-ескертпе, ұсыныстар жайында  жұмысшы топ құрамындағы әр маманның ойын жеткізе отырып, кемшіліктерді тез арада жою мақсатында туындаған сұрақтарға толықтай жауаптар беріліп, алдағы  уақытта электронды  бағытта жұмыстарды  жетілдіру ұсынылды, және аудан кураторы С.Мурзалиева талдауларды зерделеу барысында жергілікті фтизиатр мен ВОП дәрігерлердің  жұмысына баға берді. Бас дәрігердің стратегиялық даму жұмыстары бойынша орынбасары Арысбаев Н.Қ., емхана мамандарымен оқыту семинарын өткізді.