«Туберкулез» диагнозы — үкім емес.
Бүгінгі таңда туберкулез сәтті емделеді. Заманауи диагностикалық әдістер ауруды жылдам анықтауға және қоздырғыштың дәріге төзімділігін айқындауға мүмкіндік береді, ал тиімді емдеу режимдері науқастың сауығуына көмектеседі.
Ең бастысы — дәрігерге қаралуды кейінге қалдырмай, тағайындалған емдеу курсын толық аяқтау.
🔹 Туберкулезді мүмкіндігінше ерте анықтау неліктен маңызды?
Диагноз неғұрлым ерте қойылып, ем неғұрлым ерте басталса, емнің сәтті аяқталу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады және инфекцияның айналадағы адамдарға таралу қаупі де тезірек төмендейді.
🔹 Туберкулезден толық жазылуға бола ма?
Иә. Туберкулез жазылады!
Ол үшін:
• дәрі-дәрмектерді дәрігердің тағайындауы бойынша қатаң қабылдау;
• дәрі қабылдауды өткізіп алмау;
• жағдайыңыз жақсарса да, емді өз бетіңізше тоқтатпау;
• қажетті тексерулерден тұрақты өтіп тұру;
• медицина мамандарының ұсынымдарын сақтау маңызды.
⚠️ Неліктен емді үзуге болмайды?
Жөтелдің, дене қызуының немесе басқа белгілердің жоғалуы емнің аяқталғанын білдірмейді. Емді өз бетіңізше тоқтату аурудың қайта өршуіне әкелуі және дәріге төзімділіктің қалыптасу қаупін арттыруы мүмкін.
🤝 Туберкулезбен ауыратын адамға айыптау емес, ем мен қолдау қажет.
Туберкулез кез келген адамға әсер етуі мүмкін. Стигма мен қорқыныш адамдардың медициналық көмекке дер кезінде жүгінуіне жиі кедергі келтіреді. Сондықтан бұл туралы ашық айту маңызды:
Туберкулез — анықтауға және емдеуге болатын ауру.
💚 Дер кезінде дәрігерге жүгіну. Емді бастау. Емдеу курсын толық аяқтау. Сауығу.
ТУБЕРКУЛЕЗ ЖАЗЫЛАДЫ!
#ҚФҚ#ТуберкулезЖазылады#Туберкулез#ТуберкулездіТоқтатайық#ТуберкулездіЕмдеу#ТуберкулездіңАлдынАлу




