14.04.2026жылы түнгі сағат 20:00 де Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығында «Ғимаратта өрт шыққан кездегі басшылық құрамның, қызметкерлердің іс-әрекеті» тақырыбында апаттық жағдайлар бойынша жаттығу өткізілді.
Жаттығуға Тараз қаласының №20 ӨСБ 3 бірлік өрт сөндіру техникасы және 15адам жеке құрамы мен Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының басшылық құрамы мен жалпы барлық қызметкерлер қатысты.
Жаттығу мақсаты: Басшылық құрам, орта және кіші буын қызметкерлері үшін-ғимаратта өрт шыққан кездегі және жер сілкінісі,әсері күшті улы заттар ауаға тараған кезде,оның салдарын жою кезіндегі төтенше жағдайлардың іс-әрекеттері бойынша өздеріне бағынышты қызметкерлермен тәжірбиелік дағдыларды жетілдіру



