19 наурыз 2026 жылы Дүниежүзілік  туберкулезге қарсы күрес айлығына байланысты « Иә! Біз туберкулезді жеңеміз! Қазақстанның көшбасшылығымен. Инновация жәнехалықтың күшімен!» атты ұран аясында «JANUIA medical center» ЖШС әкімшілігінде дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: туберкулезді жұқтыруға күдік туындаған жағдайда халықтар жүгіне алатын, өз денсаулығын қорғаудың құралдары мен әдістері туралы хабардар ету. Халық арасында туберкулез ауруы туралы, өкпені флюорографиялық тексеруден өткізудің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру, өзіне, денсаулығына қамкорлық
жасау, туберкулезбен өмір сүретін адамдарға деген көзқарасты өзгерту болып табылады.

Дөңгелек үстелге қатысқан: ЖОФО-ның дәрігерлері: Н.К.Арысбаев, А.У.Баубеков.