Бүгін 19.03.2026 жылы Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының ұйымдастыруымен 24.02 - 24.03 өтетін Дүниежүзілік туберкулезбен күресу айлығына орай « Иә! Біз туберкулезді жеңеміз! Қазақстанның көшбасшылығымен. Инновация жәнехалықтың күшімен!» тақырыбында туберкулездің алдын алу мақсатында қаламыздың үлкен «Ауыл береке» базарында ауқымды акция өткізілді.

Бұл іс-шараға Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының дәрігерлері, мейіргерлері мен кіші буын қызметкерлері, Ауқымды іс-шара барысында флюорография түсіретін Флюкар машинасымен базардағы кәсіпкерлер, тұтынушылар, тұрғындар мен қала қонақтары тегін флюорографиялық тексерістен өткізіліп, қолдарына нәтижелері берілді. Жалпы саны 36 адам флюорографиялық тексерістен өтіп, оның ішінде 1-де өкпе патологиясы анықталды.