2026-шы жылы 24 ақпан - 24 наурыз аралығында  Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне «Иә! Біз туберкулезді жеңеміз! Қазақстанның көшбасшылығымен, инновация және халықтың күшімен!» атты ұран аясында 17-наурыз күні Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы мен ЖОФО-ң дәрігерлері Медициналық колледждің 2-курс студенттері арасында «Туберкулез ауруының алдын алу, жұғу жолдары» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті оқыған: ЖОФО-ның мамандары: Д.М.Абуова және Г.Р.Тиленшиева.

  Мақсаты: туберкулезді жұқтыруға күдік туындаған жағдайда жасөспірімдер жүгіне алатын өз денсаулығын қорғаудың құралдары мен әдістері туралы хабардар ету. Балалар мен жасөспірімдердің туберкулез туралы, өкпені флюорографиялық тексеруден өткізудің маңыздылығы және Манту сынамасы туралы хабардарлығын арттыру; оқушылардың өзіне, денсаулығына қамкорлық жасау, туберкулезбен өмір сүретін адамдарға деген көзқарасты өзгерту болып табылады.

Қатысқандар: Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері; ЖОФО АКӘМ мейіргері А.Сартаева және 25 студент.