2026-шы жылы 24 ақпан - 24 наурыз аралығында  Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне «Иә! Біз туберкулезді жеңеміз! Қазақстанның көшбасшылығымен, инновация және халықтың күшімен!» атты ұран аясында 10-наурыз күні «Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатында» 7-10 сынып оқушылары арасында «Туберкулез ауруының алдын алу, жұғу жолдары» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті оқыған: ЖОФО-ның фтизиопедиатры Д.М.Абуова.

  Мақсаты: туберкулезді жұқтыруға күдік туындаған жағдайда жасөспірімдер жүгіне алатын өз денсаулығын қорғаудың құралдары мен әдістері туралы хабардар ету. Балалар мен жасөспірімдердің туберкулез туралы, өкпені флюорографиялық тексеруден өткізудің маңыздылығы және Манту сынамасы туралы хабардарлығын арттыру; оқушылардың өзіне, денсаулығына қамкорлық жасау, туберкулезбен өмір сүретін адамдарға деген көзқарасты өзгерту болып табылады.

Қатысқандар: «Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернаты»директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Р.Исакова; мектептің мұғалімдері мен мед.бикелері; ЖОФО АКӘМ мейіргері А.Сартаева және 90 оқушы.