Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі қызметкерлер арасында 2026 жылдың 4 наурызында «Иә! Біз туберкулезді жеңеміз! Қазақстанның көшбасшылығымен, инновация және халықтың күшімен!»  ұранымен дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес айлығына байланысты  «Туберкулез дегеніміз не? Алғашқы белгілері, емі, аурудың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді.

Мақсаты: туберкулезді жұқтыруға күдік туындаған жағдайда халық арасында жүгіне алатын өз денсаулығын қорғаудың құралдары мен әдістері туралы хабардар ету. Өкпені флюорографиялық тексеруден өткізудің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру; студенттердің өзіне, денсаулығына қамкорлық жасау, туберкулезбен өмір сүретін адамдарға деген көзқарасты өзгерту болып табылады.

Дәрісті оқыған: ЖОФО-ның эпидемиолог дәрігері: Ә.Жөгібайұлы. Қамтылған қызметкерлер саны – 60.