Дүниежүзілік  туберкулезге қарсы күрес айлығына байланысты « Иә! Біз туберкулезді жеңеміз! Қазақстанның көшбасшылығымен. Инновация жәнехалықтың күшімен!» атты ұран аясында 2026 жылы 02 наурызда  Жамбыл медициналық колледжі студенттері арасында «Туберкулез дегеніміз не? Алғашқы белгілері, емі, аурудың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді.

Мақсаты: туберкулезді жұқтыруға күдік туындаған жағдайда жасөспірімдер жүгіне алатын, өз денсаулығын қорғаудың құралдары мен әдістері туралы хабардар ету. Балалар мен жасөспірімдердің туберкулез туралы, өкпені флюорографиялық тексеруден өткізудің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру; студенттердің өзіне, денсаулығына қамкорлық
жасау, туберкулезбен өмір сүретін адамдарға деген көзқарасты өзгерту болып табылады.

Дәрісті оқыған: ЖОФО-ның фтизиатры: Г.Р.Тиленшиева. Қамтылған студенттер саны – 78.