27 ақпан 2026-шы жылы Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес айлығына байланысты «Иә! Біз туберкулезді жеңеміз! Қазақстанның көшбасшылығымен, инновация және халықтың күшімен!» атты ұран аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің студенттері арасында «Туберкулез дегеніміз не? Алғашқы белгілері, емі, аурудың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: туберкулезді жұқтыруға күдік туындаған жағдайда жасөспірімдер жүгіне алатын өз денсаулығын қорғаудың құралдары мен әдістері туралы хабардар ету. Балалар мен жасөспірімдердің туберкулез туралы, өкпені флюорографиялық тексеруден өткізудің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру; студенттердің өзіне, денсаулығына қамкорлық
жасау, туберкулезбен өмір сүретін адамдарға деген көзқарасты өзгерту болып табылады.Дәрісті оқыған: Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының фтизиатры Г.Р.Тиленшиева. Қамтылған студенттер саны – 40.