Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ШЖҚ «Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» РМК 2025 жылдың 14 карашада Тараз қаласында Облыстық қан орталығының мәжіліс залында адвокациялық кеңес (бұдан әрі – АК) өткізді.

Аталған шара Жаһандық Қордың 2023-2025 жылдарға арналған «Туберкулез» (бұдан әрі – ТБ) компоненті бойынша гранты аясында, ҚР ДСМ 28.12.2022 ж. №1195 «Қазақстан Республикасында фтизиатриялық және пульмонологиялық қызметті дамытудың Жол картасы» бұйрығының 44-47 тармақтарын іске асыру мақсатында адвокациялық іс-шара ұйымдастыруды жалғастыру қажеттілігіне байланысты жергілікті деңгейде өткізді.

АК мақсаты – туберкулезге қарсы үкіметтік емес ұйымдарды тұрақты қаржыландыру, атап айтқанда, үш жылдық мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бөлуді нақтылау және Жамбыл облысында «Қазақстанда ТБ тоқтату» Ұлттық серіктестігін дамыту болып табылады.