Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының Комплаенс офицері С.Т. Мұқажанов 17.04.2025ж. орталық қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбында семинар өткізді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерi - мемлекеттiк өкiмет органдарының жұмыс iстеуi, оларға теңестiрiлген мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк қызметiн жүзеге асыру процесiнде туындайтын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасау мүмкiндiгiне жағдай туғызатын мән-жайлар, факторлар мен құбылыстар екенін атап өтті. Орталық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты әзірлеу сатысында да, оны бекіткеннен кейін де тұрақты негізде жүргізіледі.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау негізінде сыбайлас жемқорлық-қауіпті функциялар тізбесі жасалады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою немесе азайту жөніндегі шаралар кешені әзірленетін айтты.