Туберкулез – жаһандық дерт, әлемдік проблема. Дүниежүзілік  туберкулезге қарсы күрес күні жыл сайын  24 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) шешімімен аталып  өтеді, сол  кезде неміс  микробиологы Роберт Кох 1882 жылы өзі жасаған туберкулез қоздырғышын  ашқанын хабарлады.

1905 жылы ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын алды. Бұл дата 1982 жылы Дүниежүзілік денсаулықсақтау ұйымы мен Туберкулезге және өкпе ауруларына қарсы  халықаралық одақтың (IUATLD) шешімімен белгіленді және туберкулез қоздырғышы Кох таяқшасының ашылғанына 100 жыл  толуына арналған.1993 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы туберкулезді ұлттық апат және 24 наурызды Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні деп жариялады. 1998 жылдан бастап БҰҰ-ның ресми қолдауына ие болды.