Жамбыл облыстық Ш.Уалиханов атындағы кітапхана қызметкерлері және «ALEM» кәсіби білім беру колледжінің студенттерімен 17.03.2025 жылы Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының фтизиатр дәрігерлері ТиленшиеваГ.Р., Абуова Д.М. жыл сайын 24.02 -24.03
аралығында өтетін Дүниежүзілік туберкулезбен күресу айлығына орай, 2025 жылдың ұраны: «Ия, Біз ТУБЕРКУЛЕЗДІ жеңе аламыз: міндеттенеміз, қаржы құямыз, әрекет етеміз!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында білімгерлердің туберкулез туралы ақпараттылығын арттырумақсатында туберкулез дерті жайлы қысқаша видеороликтер көрсетіліп, , туберкулездің алдын алу, аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде медициналық көмекке дер кезінде жүгіну қажеттілігін, салауатты өмір салты туралы кеңінен айтылды. Бұл іс-шараға : қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары: Г.Есейтова, Е.Тажибаева және кітапхана қызметкерлері: С.Рахымжанова, В.Тастамбаева,А.Есалиева , 20медицина факультетінің білімгерлері қатысты.