Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі  «Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының»25.04.2024 жылғы №44 бұйрығы аясында туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында және Қазақстан Республикасында фтизиатриялық және пульмонологиялық қызметтерді дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған

Жол картасының 38-39-тармақтарын орындау мақсатында Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының ұйымдастыруымен  ағымдағы жылдың 5-7 қараша аралығында  Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының 14 қазандағы №374-ө бұйрығы негізінде Тараз қаласында «Медициналық санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында  туберкулезді ерте анықтау, диагностикалау және алдын алу» тақырыбында 3 күндік семинар тренинг өтуде.  Тренингпен облыстағы емдеу алдын алу ұйымдарындағы 45 маман (жалпы практика дәрігерлері, терапевттер) қамтылуда. Семинар тренингті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық фтизиопульмонология  Ғылыми  орталығына қарасты ұлттық оқыту орталығының  орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Ольга Альбертовна Сидоренко жүргізуде.