Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының Комплаенс офицері С.Т. Мукажанов  04.10.2024ж орталықтың қызметкерлерімен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері" тақырыбында семинар сабақ өткізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу  жолдарын атап өтті:

      1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;

      2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;

      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

      5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу.