Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының комплаенс офицері С.Т.Мукажанов бүгін орталықтың қызметкерлерімен кездесіп « Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл қоғамның, әрбір азаматтың ісі» атты тақырыпта семинар өткізді.
Біздің қоғамның әрбір толыққанды және дені сау мүшесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл қоғамның, әрбір азаматтың ісі екенін түсінуге тиіс. Қоғамның сыбайлас жемқорлық қылмыстарға және құқық бұзушылыққа немқұрайлылығы сыбайлас жемқорлықтың өзі сияқты зұлымдық болып табылады. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, сыбайлас жемқорлыққа тұрақты иммунитеті болмаса, қалаулы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Қоғамға, өскелең ұрпаққа сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың теріс салдарын түсіну маңызды.
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру дамыған елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының маңызды элементтерінің бірі болып саналады.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың маңызды бөлігі болып табылады және білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қоғамда халықты ағарту, азаматтардың құқықтық санасын ояту, құқықтық сауаттылыққа оқыту, өскелең ұрпақты құқықтық тәрбиелеу және, әрине, сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін халықтың әлеуметтік проблемаларын шешу арқылы қалыптасады.