Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ.
✓ Президент: Ұлттық қор шетелдік шетелдік қаржы институттарына қызмет етпеуі керек.
✓ Президент: Бізге банктер туралы жаңа заң қажет.
✓ Президент: Теміржол саласына реформалар жүргізу керек.
✓ Президент: Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді.
✓ Президент: 2025 жыл жұмысшы мамандықтар болып жарияланды.
✓ Президент: Әлеуметтік қолдауға мүлде мұқтаж емес ауқатты отбасылар да мемлекеттен көмек алады.
✓ Президент: «Таза Қазақстан» шарасында 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды.
✓ Президент: Аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тікелей сайлау арқылы ғана қызметке келеді.
✓ Президент: Жаңа салық кодексін әзірлеуді тапсырды.
✓ Президент: Сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне армия басшылығы жауапты.
✓ Президент: Есірткі мәселесі ушығып барады.
✓ Президент: Келесі жылы Астанада жасанды интеллект ұлттық орталығын іске қосу керек.
Бұл жолдауда бірнеше мәселелердің шешілгені және алдағы уақытта шешілетіні туралы айтты.
ЖОФО-ның қызметкерлері ҚР Президентінің бүгінгі айтылған жолдауын бір ауыздан қолдайды.