Құжаттар

ЭТИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМ

«Ақтөбе теміржол ауруханасы» ЖШС қызметкерлерінің ұстанымдары

Медициналық қызметкер өзінің біліктілігіне, лауазымына және қызметтік міндеттеріне сәйкес сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін жалпы жауапкершілік, соның ішінде моральдық міндеттеріне және қоғамдастық пен әріптестер арасындағы «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің этикалық кодексі» өз қызметінде этикалық ұстанымдарды ұстану ережесі:

Денсаулық сақтау қызметкері өз қызметінде келесі моральдық және этикалық ұстанымдарды басшылыққа ауы тиіс:

  • Қазақстан Республикасы азаматарының денсаулығын нығайтуға жәрмендесу;
  • тек қана науқастардың мүдделеріне шешім қабылдауға;
  • ҚазақстанРеспубликасының медициналық қызметкерлерінің жоғарғы атағына кір келтіретін іс-әрекет жасауына жол бермеу;
  • Өзінің қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы атқаруға;
  • өзінің кәсіптік білімін үздіксіз жетілдіруге;
  • өзінің жеке пайдасын басшылыққа алып, профилактика мен емдеудің әдістері мен құралдарын жарнамалауға және пайдалануға жол бермеу.
  • Денсаулық сақтау ұйымдарының мүлкіне ұқыпты қарауға және оны тиімді пайдалануға;
  • Сабайлас жемқорлыққа қарсы тұруға
  • Қызметтік ақпаратты пайдакүнемдікке және жеке басының мақсаттарына пайдалануға жол бермеу;
  • Ұжымда тұрақты және жағымды моральдық – психологиялық жағдай жасауға ықпал етуге;
  • Басқа да медицина және фармацевтика қызметкер тарапынан Ар-намыс кодекісінің нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және олардың жолын кесуге;
  • Өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде белгіленген киім нысанын сақтау керек;

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің науқастарға деген қарым-қатынастары:

1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

2) мұқтаж болған әрбір адамға медициналық көмек көрсетуге;

3) адам өмірін сақтау өзінің борышы екенін әрдайым есте ұстауға;

4) азаматтардың мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін нығайтуға жәрдемдесуге;

5) пациенттерге қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермеуге, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттердің жолын кесу жөнінде күш-жігер жұмсауға;

6) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан негізделген сын айтылуына жол бермеуге, сынға сабырлылықпен қарауға, сындарлы сынды өзінің кәсіптік қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін пайдалануға тиіс.

Медициналық қызметкерлерінің әріптестер арасындағы қарым-қатынасы ;

1) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен биязылық танытуға;

2) науқасқа риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және әріптестерінен кеңес сұрауға;

3) басқа медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмеуге;

4) Қазақстандық медицинаның дәстүрлерін және жетістіктерін байытуға тиіс.

Медициналық қызметкер өзінің біліктілігіне сәйкес азаматтардың денсаулығын қорғау ісіне, ең жоғарғы деңгейде оларға көмек көрсету сапасын қамтамасыз етуге барлық күш-жігерін салуы тиіс.

Медициналық қызметкер оның жынысына, жасына, ұлтына, нәсіліне, тұратын мекен-жайына, әлеуметтік мәртебесіне, діни және саяси сенім-нанымдарына және басқа да медициналық емес факторларына қарамастан қандай адамға болса да медициналық көмек көрсетуге тиіс. 

Медициналық қызметкер өзінің біліктілігіне, лауазымына және қызметтік міндеттеріне сәйкес барлық мүмкіндіктерінің шеңберінде сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін жалпы жауапкершілік, соның ішінде моральдық Денсаулық сақтау саласы қызметкерінің моральдық міндеттеріне медициналық қоғамдастық қатарларының тазалығын сақтау, өз әріптестерінің, сонымен қатар өзінің қателерін риясыз талдау жатады.

Медициналық қызметкер емделушілердің денсаулығына залал келтіретін, ар-намыссыз, біліктілігі төмен деңгейдегі әріптестерінің әртүрлі іс-тәжірибесіне кедергі жасауы тиіс.

Медициналық қызметкер қоғамда маңызды  рөл атқара отырып, қоғамдық шараларға, әсіресе, салауатты өмір салтын насихаттайтын шараларға белсене қатысуға міндетті. 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖОЛ БЕРУГЕ БОЛМАЙТЫН ӘРЕКЕТТЕРІ 

  1. Денсаулық сақтау саласы қызметкері өзінің кәсіби іс-әрекеттерінде білімін және қызметін өз мүддесінде қолдануына болмайды.

Денсаулық сақтау қызметкері:

  • өз білімін және мүмкіндіктерін адамгершілікке жатпайтын мақсаттарда қолдануға;
  • негізсіз медициналық шараларды жүзеге асыруға немесе оларды іске асырудан бас тартуға;
  • емделушіні жазалау, сонымен қатар үшінші тұлғалардың мүддесі үшін оған медициналық іс-әрекеттерді қолдануға;
  • емделушіге философиялық, діни және саяси көзқарастары бойынша өз пікірін таңуға;
  • емделушіге немқұрайлылықпен немесе салақтықпен физикалық, адамгершіліктік, материалдық залал келтіруге және осындай залал келтіретін үшінші тұлғалардың әрекеттеріне селқос  қарауға құқылы емес.
  • Денсаулық сақтау қызметкерінің жеке сенім-нанымдары және басқа да кәсіби емес себептер емделушінің диагнозын қоюға және оны емдеуге әсер етпеуі керек.
  • емделушінің ұсынылған ақылы медициналық қызметтерден бас тартуы олардың сапасы мен қолжетімділігінің азаюының, ҚР заңымен белгіленген тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде оған тегін ұсынылған медициналық көмек түрлері мен ауқымдарының азаюы  себеп бола алмайды.
  • Емделушілерден сыйлықтар алуға және беруге болмайды. Өйткені сыйлық бере алмайтын және алмайтын емделушілерде оларға қамқорлық тиісті деңгейде көрсетілмейді  деген сезім тууы мүмкін. Сыйлықтардың көрсетілген қызметтер үшін алынуына немесе берілуіне болмайды. Қолдағы ақша немесе бағалы сыйлықтарды алуға тыйым салынады. 
  • Денсаулық сақтау саласының қызметкері қызметін өз мүддесінде қолдануға, емделушінің эмоциялық күй-жайын пайдаланып, онымен мүліктік шарттар жасасуға, оның еңбегін жеке мақсатта қолдануға, парақорлықпен және бопсалаушылықпен айналысуға құқығы жоқ.
  • Денсаулық сақтау саласының қызметкері ем тағайындау кезінде емделушіге қолданыстағы дәрі-дәрмектер, медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы дәйексіз, толыққанды емес немесе бұрмаланған ақпаратты беруіне,  сонымен қатар емделушіден төменірек бағаланатын дәрі-дәрмектердің, медициналық бұйымдардың болуы жөніндегі ақпаратты жасыруына құқығы жоқ.
  • Денсаулық сақтау қызметкері дәрі-дәрмектерді дайындайтын және тарататын фирмалардан өздерінің ұсынған дәрі-дәрмектерін тағайындағаны үшін сыйлық қабылдауына, медициналық ұйым аумағында компанияның логотипі немесе дәрі-дәрмектің медициналық ұйымның саудалық атауы бар заттарын қолдануына  болмайды.
  • Кәсіби тәуелсіздік
  • денсаулық сақтау қызметкерінің құқығымен парызы- өзінің қызметтік міндетін сақтауға. Жаңа туған нәрестеге, қарттарға, мүгедегтерге, әскери қызметкерлерге, қаумауда отырған тұлғаларға медициналық және әлеуметтік көмек көрсету жауапты.
  • Денсаулық сақтау саласының қызметкері ҚР Заңына қарсы іс- әрекеттер, этикалық ұстанымдарын бұзатын істерге ұсыныс жасаса бас тартуға құқылы.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ МЕН ЕМДЕЛУШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС 

  1. Емделушінің ар-намысын және қадір-қасиетін сыйлау.

Денсаулық сақтау саласының қызметкері емделушінің қадір-қасиетін сыйлауы, оған және оның жақын адамдарына ілтипатпен  және шыдамдылықпен қарауы қажет. Емделушімен дөрекі және адамгершілікке жатпайтын қатынас құруға, оның адамгершілік қадір-қасиетін төмендетуге, сонымен қатар емделушілердің қайсыбіріне үстемділікпен қарау, немесе жек көру қасиеттеріне жол берілмеуге.

  1. Медициналық және әлеуметтік көмек көрсету шарттары.

Денсаулық сақтау саласының қызметкері емделушінің қадір-қасиеті мен ерік-жігерінен айыру жағдайында медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуге міндетті.

3.Мүдделер қақтығысы.

Науқас-қоғам, науқас-отбасы және т. б. мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда медициналық қызметкер науқастың мүддесіне көңіл бөлгені абзал, егер олардың жүзеге асуы емделушінің өзіне немесе айналасындағыларға тікелей залал келтірмеуі керек.

  1. Медициналық құпия.

Науқас медициналық қызметкердің медициналық және өзіне сеніп тапсырылған барлық жеке ақпаратты құпияда ұстайтынына сенім артуға құқылы. Медициналық қызметкер науқастың немесе оның заңды өкілінің рұқсатынсыз тексеру және емдеу барысында алынған медициналық көмекке жүгіну фактісін қоса алғандағы мәліметтерді жариялауға құқығы жоқ. Медициналық қызметкер медициналық құпияның жария болмауы үшін шара қолдануы тиіс. Науқастың өлімі медициналық құпияны сақтау міндетінен босатпайды. Медициналық құпияны жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жол беріледі.

  1. Өлім аузында жатқан емделушіге моральдық тұрғыда қолдау көрсету.

Медициналық қызметкер өлім аузында жатқан науқастың азабын барынша жеңілдету үшін қолжетімді және заңды тәсілдерді пайдалануға міндетті. Медициналық қызметкер науқастың қалауы бойынша кез келген діни конфессия қызмет етушісінің рухани қолдауын пайдалануына құқық беретінін кепілдік етуге міндетті.          

Медициналық қызметкер мынадай жағдайларда пациентті басқа маманға жіберіп, онымен жұмыс істеуден бас тарта алады:

  • егер тиісті көмек түрін көрсету үшін құзыреті жеткіліксіз екендігін сезінсе;
  • медициналық және әлеуметтік медициналық көмек       маманның қағидасына қарама қайшылық болса;
  • егер емдеу және тексеру жағынан пациентпен немесе оның туыстарымен ара қайшылық болса.

 

Әріптестер арасындағы өзара қарым-қатынас.

Медицина қызметкерлері арасындағы өзара қарым-қатынас сыйластықтан, сенімділіктен және пациент мүддесін қорғаудан құрылуы тиіс. Медицина қызметкері әріптестерімен өзара қарым-қатынаста адал, әділ, тілектес, тәртіпті болуға тиіс, олардың білімі мен тәжірибесіне құрметпен қарап, және де оларға риясыз өз тәжірибесі мен білімін беруге дайын болуы керек.

Басқа медициналық қызметкерлер алдында моральдік басшылық ету құқығы кәсіби құзыреттілік пен жоғары адамгершілік деңгейінде болуы қажет.Әріптесіне айтылған сын дәйекті және оған тіл тигібейтіндей қылып айтылуы керек.Әріптестің жеке тұлғасы емес, кәсіби әрекеттерін сынға жатқызамыз. Әріптестерінің абыройын түсіру арқылы өз беделін арттыруға және олардың жұмысы туралы пациенттер мен туыстары қатысып отырған кезде жағымсыз пікірлер айтуға құқығы жоқ.

Медбике дәрігер тағайындаған медициналық манипуляцияларды дәл әрі біліктілікпен жүргізуге міндетті. Медбикенің жоғары кәсіби шеберлігі – медбике мен дәрігердің жолдастық, алқалық өзара қарым-қатынастары маңызды моральдық фактор. Дәрігер мен медбике кәсіби міндеттерін орындау кезінде өзара қарым-қатынас барысында дөрекі әрі қызметке қатыссыз сипатта сөйлесуге жол берсе, ол медициналық этика арқылы талқыға салынады. Егер медбике дәрігердің емдеу ұсынымдарының мақсатқа сай екендігінен күмәнданса, онда ол бұл жағдайды алдымен дәрігердің өзімен ілтипатты түрде талқылап, ал содан кейін де күмәні сейілмесе, жоғары басшылықпен талқылауы тиіс.

  1. Жұмыскердің жауапкершілігі.

Кәсіби этиканың бұзылуына жауапкершілік дәрежесін медициналық көмек және тәртіптік комиссия сапасын Емделушілерді қолдау және Бақылау қызметі айқындайды. Егер этикалық нормалардың бұзылуы құқықтық нормаларға әсер етсе, онда ол үшін жұмыскер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртібін жауапқа тартылады;

Подкатегории

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ

z07258 1

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.  

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.

Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..

Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.

Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ

gerb

Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді

Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.

Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.

Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.

Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.

Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін  әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады. 

Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға  деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.

Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ

z07258 3

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

 

Алтын күн аспаны, 
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!


Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!


Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан, 
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел – бақытты,
Біздің ел – осындай!


Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!