Облыста туберкулез дертіне шалдыққан науқастарға емделу барысында көрсетілетін ақшалай әлеуметтік көмектің көлемі:
- 2022 жылы 157122,0 мың теңгені,
- 2023 жылы 258861,0 мың тенге игерілді. (орта есеппен ай сайын 335 науқас қамтылды).
Осы туралы туберкулез ауруына қарсы жүргізілген ем түрлері мен мониторинг нәтижесінің сараптама ақпаратын баяндаған Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығы, мониторинг және бағалау тобының жетекшісі Гүлбану Алгазиеваның сөзіне қарағанда, облыста туберкулез ауруының алдын-алу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бірқатар емдеу мекемелерінде мониторингтік зерделеу барысында анықталған кемшіліктерді атап өткен ол белгілі уақыт аралығында олардың жөнделуі бойынша әрекеттер күтетіндінін жеткізді.
Онлайн қатысқан ҚР Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығының директоры Мәлік Әденов елімізде аурудың алдын-алу мен емдеу тәсілдерінің жүргізілуі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтып, олардың жүйеленуі, халықтың ақпараттандырылуы, онымен күресу, ауыратын адамдардың санының азаюы үшін жасалатын әдіс-тәсілдерді жетілдіру туралы айтты.
Кеңес соңында басқарма басшысы Жанар Оспанова аурудың алдын-алу бойынша өткізіліп жатқан айлық аясында және кейін де, тұрақты түрде бұл жұмысты жетілдіру бойынша емдеу мекемелері басшыларына тапсырмалар берді. Мамандарды оқыту, біліктіліктерін жетілдіру жөнінде арнайы жоспар құрылды. Алда атқарылатын міндеттер легі белгіленді. Олардың орындалуын бақылау облыстық фтизиопульмонологиялық орталығының бас дәрігері Дабыл Шымыровқа тапсырылды.