Үстіміздегі жылдың 2 қарашасында Алматы қаласында жоспарланған 2 күндік (2-3 қараша) «Туберкулезді жою» стратегиясы аясындағы іс-шараларды ұйымдастыру әлеуетін арттыру» атты республикалық семинар өз жұмысын бастады.
Осы іс-шара аясында аталған мәселеге құзырлы вице-министрдің қатысуымен «Қазақстан Республикасында фтизиатриялық және пульмонологиялық қызметтерді дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасының» 2023 жылдың 9 айында іске асыру қортындылары талқыланбақ. Аталған семинарға денсаулық сақтау басқармаларының басшылары және барлық өңірдегі фтизиопульмонология орталықтарының бас дәрігерлері шақырылған. Жамбыл облысынан семинарға Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Оспанова мен Жамбыл облыстық фтииопульмонология орталығының бас дәрігері Д.Шымыров қатысты, ал, облыстық фтизиопульмонология орталығының мамандары онлайн форматта қатысуда.