Кәсіпорынның орналасқан жері: 080015, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, А.Асқаров көшесі, № 278 үй.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
Жамбыл облысы бойынша туберкулездің алдын алу, ерте анықтау және емдеу іс-шараларын жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, сондай-ақ төмендегі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Мынадай:
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4)байқау кеңесінің басқа мүшесі мен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысы мен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) Еңбек Кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын "Түпнұсқа" деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекен - жайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) шақырудан емес мерзімдік басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекен жай бойынша тиісті саладағы уәкілетті органға (жергілікті атқарушы органға) бағытталуы;
2) "_________________ мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы" және "____________ дейін ашуға болмайды" (шақырудан емес мерзімдік басылымда көрсетілген конвертті ашу күні мен уақыты) деген сөздерді қамтуы тиіс.
Құжаттарды қабылдау басталатын күн: жарияланған күн.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсанкөшесі, 78, 331 кабинет.
Конкурсты өткізукүні – конкурсқа қатысу туралы өтінішті ұсыну мерзімдері аяқталғаннан кейінгі жұмыс күні.
Конкурсқа қатысушылар кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкестігіне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасында әңгімелесуден өтеді.