Жамбыл облыстық  фтизиопульмонология орталығының комплаенс офицері С.Т. Мукажанов орталықтың қызметкерлерімен " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат" тақырыбында семинар  өткізді.

Жемқорлық қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жойып, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор екенін ,біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ екенін атап өтті. Атап айтқанда, ол үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана адам адамгершілікке жат-қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді.