Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының 2023 жылдың 6 айының қорытындысына сәйкес облыс бойынша Флюорожоспардың орындалуы 46,2 пайызды құрады, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының 07 тамыз 2023жылғы №331-ө бұйырығы негізінде 2023 жылғы 08 тамыз – 08 қыркүйек аралығында «Электрондық денсаулық паспорт,

Флюороожоспар, маркерлермен жұмыс атқару, ахуалдық орталық есептері» тақырыбы бойынша қайтадан қалалық және аудандық медициналық санитарлық көмек көрсету ұйымдарда бас дәрігердің орынбасарлары мен флюорожоспарды жасақтауға жауапты мамандары, жалпы учаскелік дәрігерлердің қатысуымен оқыту семинары ұйымдастыру тапсырылды. Кестеге сәйкес 08.09.2023жылы Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сарысу Ауданық ауруханасында» және «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Талас аудандық орталық ауруханасында» ЖОФО ахуалдық орталығының жетекшісі Арысбаев Н.К оқыту семинарын өткізіп,емхана қызметкерлерге тәжірибелік көмек көрсетті.