Үстіміздегі  жылдың  25-ші  мамырында   Жамбыл  облыстық  фтизиопульмонология  орталығының  мәжіліс  залында  ОФ «МАД  Консалтинг» директоры  Жандаулетова  Жанна  Турсынбаевна, ОЮЛ  «ЖИТС-пен  өмір  сүретін  адамдардың  Қазақстандық  одағының» бағдарламасының  координаторы  Кадырбаева  Айгул Абдибаевна  және  Жамбыл  облысы  бойынша  өкілі  «Тараз-Анти ВИЧ»  қоғамдық  бірлестігінің  төрағасы  Перзадаев  Рамиль  Оспановичпен  кездесу  өтті.

Кездесудің  мақсаты: «ONELMPACT»  туберкулез  туралы  барлық  нәрсе  жайлы  білуіңіздің  керектігі  туралы  қолданысымен  фтизиатр  дәрігерлерін таныстыру. Жақын  жердегі  туберкулезге  қарсы  қызметтерге  қол  жеткізуге  және  олардың  қызметтері  туралы  ақпарат  алуға  көмектесетін  қосымша. ТБ  зардап  шеккен  басқа  адамдармен  және ТБ  ауру  науқастарын қолдау  топтарымен  байланыста  болуға  көмектесетін  қосымша.  Туберкулезге  қарсы  қызметтерге қол  жеткізуге кедергі  келтіретін  мәселелер  туралы  хабарлауға  мүмкіндік  беретін  және  сіздің  туберкулезден  емделуді  толықтыратын  қосымша.