Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы бас дәрігердің орынбасары Л.М. Жапарова мекеме қызметкерлерін 2023 жылдың 28 сәуірінде кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен таныстырды.
Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленгенін және қоғамдық қатынастардың медицина саласындағы тыйым салу,шектеу және рұқсат беру жүйесін білдіретіні айтылды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеудің мақсаты, медицина саласында сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағытталған ұсынымдар жүйесін құру болып табылады.Сонымен қатар, Кәсіпорын қызметкерлерінің мінез-құлқы (іс-әрекет) тәртібі, басқа да шектеулер мен тыйым салулар туралы да айтылып өтті.