Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен облысымызда 7 сәуір дүние жүзілік денсаулық күні атап өтілді. Облыс көлеміндегі медицина қызметкерлері арасында бірнеше спорт түрінен жарыс өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы 2-ші орынды иеленді.
Атап айта кетсек, 50 метр қашықтықта 35-50 жас аралығында жүгіруден мониторинг тобының эпидемиолог дәрігері Ә.С. Оспанов;
50 метр қашықтықта 25-35 жас аралығында жүгіруден 3-ші емдеу бөлімінің медицина қызметкері Ә. Кеңесбек 2-ші орын;
Аралас арқан тартудан рентген кабинетінің лаборанты Ә.Алиев, 2-ші емдеу бөлімінің мед.қызметкері Н. Бондарцов, 2-ші емдеу бөлімінің медицина қызметкері Қ. Несіпбек, 1-ші емдеу бөлімінің мейіргері Ж.Берікбаева, 1-ші емдеу бөлімінің кіші буын қызметкері А.Мавлюдова-1 орын;
Үстел теннисінен шаруашылық бөлімінің қызметкері Т.Жақыпбеков 3-ші орынды иеленді.
Жүлделі орын алған медицина қызметкерлерін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.М. Оспанова және «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Г. Момбекова ақшалай сыйлықтар, кубок және мақтау қағаздарымен марапаттады.