"Ұлттық туберкулезге қарсы бағдарлама" шеңберінде 2023 жылдың 27 ақпан - 03наурыз аралығында Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының мамандары және Жаһандық қордың жобасын іске асыру тобы, Ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг орталығымен бірлесіп Жамбыл облысында туберкулезге қарсы күрес бойынша жүргізілетін іс-шараларға жоспарлы мониторинг жүргізуде.

Сондай-ақ , сапар барысында № 5-6 қалалық емханаларға барып, кешенді медициналық ақпараттық жүйе (КМИС), туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі (НРБТ), дәрі- дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі (ИСЛО) деректері бойынша диагностика, анықтау, емдеу, профилактикалық іс-шараларды жүргізуге талдау жасалып , ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетілді. Мониторинг жүргізілгеннен кейін жергілікті жерлерде проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.