Туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламаның іс-шарасын іске асыру шеңберінде Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының «Мониторинг және бағалау» тобы  мамандары ұйымдастырушылық, әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында жыл сайын туберкулездің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараны бақылау және бағалау үшін қадағалау және қашықтықтан мониторинг жүргізеді.

2022 жылы Жамбыл облысы бойынша Жамбыл облысының ДСБ-ның бұйрығына сәйкес мониторинг  тобы 2022 жылы 66 қадағалау және 52 қашықтықтан бақылау жүргізді. 2023 жылдың 9 ақпанында Жамбыл  облыстық фтизиопульмонология орталығының «Мониторинг және бағалау» тобының жетекшісі Омарбекова А.К. 2022 жылға арналған іс-шаралар қорытындысы бойынша Zoom платформасында баяндама жасады. 2022 жылға арналған мониторинг және бағалау іс-шараларының қорытындылары бойынша негізгі мәселелер жарияланды. Отырысқа ҚР ДСМ ҰҒФО мамандары, ҚР ДСМ жанындағы ғаламдық қордың, Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының   мамандары қатысты.