2022 жылдың 21 желтоқсанында Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері Д.О.Шымыров ахуалды орталық жетекшісі Н.Арысбаев және Мониторинг және бағалау тобының жетекшісі А.Омарбековамен Жуалы аудандық орталық ауруханасында іссапармен болып қайтты.

Іссапар барысында аурухананың бас дәрігерімен жүздесіп, аудандағы туберкулезге қарсы атқарылып жатқан іс-шаралармен танысып, өзекті мәселелер талқыланды және ұжым мүшелеріне 2023 жылға флюрожоспарды жасақтау барысы бойынша тағы да түсіндіру жұмысы жүргізілді.