2022 жылдың 7-8 желтоқсанында Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығында Денсаулық сақтау басқармасының 06.12.2022 жылғы №486-ө бұйрығының негізінде облыс көлемінде тұрғындар арасында 2023 жылға флюорожоспарды жасақтау бойынша БМСК ұйымының мамандарына қосымша түсіндіру, оқыту сабағы жүргізілді.
Оқыту сабағына БМСК ұйымдарының бас дәрігердің орынбасарлары және Жамбыл облысының санитариялық эпидемиологиялық департаментінің бас маманы қатысты.Екі күндік оқуда БМСК ұйымдарының жалпы 78 маманы (7 желтоқсанда-31 маман, 8 желтоқсанда -47 маман) қамтылды. Оқыту сабағын ұйымдастырып, өткізген Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының ахуалдық орталығы, мониторинг және бағалау тобының мамандары.