Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығында 28.10.2022 жылы «Туберкулезді емдеу кезіндегі фармакологиялық қадағалау» тақырыбында сабақ өткізілді.
Сабақта белсенді туберкулезбен ауыратын науқастарды жеке емдеу және қысқа мерзімді емдеу режимі, клиникалық мониторинг, қабылдайтын дәрілік препараттардың жанама әсерлерін анықтау мәселелері қозғалды. Дәрілік заттардың жанама әсерлеріне карт-хабарламаларды толтыру және тіркеу мәселелері талқыланды.