Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығында ағымдағы жылдың қаңтар айынан қыркүйек айына дейін жалпы жасалған 105 отаның 18-і бір өкпелік вентиляциямен жүргізілді. Барлығы техникалық қиындықтарсыз, хирургиялық, анестезиологиялық асқынусыз сәтті жасалынды.

Кеуде қуысына жасалатын оталар кезінде бірөкпелік вентиляция хирургқа, анестезиологқа, науқасқа көп артықшылықтар тудырады. Ота жасалатын ауданда өкпенің коллапсы хирургиялық еркіндікке , өкпе тінінің аз травматизациясына әкеледі, сондай-ақ қарама-қарсы өкпеге қан мен қақырық аралас инфекцияныңің өтуінен сақтайды. Вентиляцияның жеке бөлінуі газ алмасудың күшеюін тудырады, себебі бір жақты өкпе вентиляциясы ағза үшін физиологиялық емес процесс және анестезиологтың тәжірибесі мен арнайы тәсілін талап етеді.

Көрсеткіштері: 1.Абсолюттік көрсеткіштер: а) тыныс жолдарының бронхоплевральді фистула арқылы инфицирлену қаупі туғанда (өкпе абцессі, эмпиема, бронхоэктаздар)

б) өкпенің алып кистасы, трахеобронхиальді ағаштың жыртылуы, бронхтардың оперативті пластикасы кезінде газдардың кеміп қалу қаупі туындағанда

2.Салыстырмалы көрсеткіштер: өкпеге, өңешке, ірі қантамырларына, омыртқа жотасының алдыңғы бөлігіне хирургиялық қол жетімділікті болдыру үшін.