Қазақстан Республикасындағы Денсаулық үшін Үкіметтік емес ұйымының мамандары Ражитов Махмуджан Радикулович пен Альгожина Елена Ивановна  2022 жылдың 24-26 мамыр күндері  Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығында туберкулез науқастарына қолданылып жатқан, қысқа мерзімдік дәрілердің тиімділігі туралы талдау-сараптау жұмыстарын жүргізіп, нәтижесіне оң баға берді.

Сондай-ақ, орталықтандырылған дәрігерлік консультациялық комиссияның мүшелерімен кездесін, қысқа мерзімді ем тәртібі бойынша нұсқаулықтармен таныстырды.