Бүгін, 23-мамыр күні, «AMANAT» партиясының Тараз қалалық штабының мүшесі Каримова Гүлмира Әуесханқызы Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының қызметкерлерімен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі 5-маусымда өтетін референдумның маңыздылығы бойынша кездесу өткізді.
«Алдағы референдумда Ата заңымыздың 33 бабына, яғни үштен бір бөлігіне өзгерістермен толықтырулар енгізіледі. Бұл түзетулерге сәйкес Парламенттің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз Конституциялық Соттың үш судьясын, Жоғары аудиторлық палатаның үш мүшесін бес жыл мерзімдік қызметке тағайындайды. Осы және өзге де өзгерістер Мемлекет басшысы бастамашы болған Ата Заңға енгізілетін толықтырулар негізінде референдум қорытындысы бойынша қабылданады. Сол себепті, референдумға әрбір азаматтың қатысып, елімізде жүзеге асатын жаңғыртуларға өз үлесін қосқаны абзал»,- деді Гүлмира Әуесханқызы.
Жиналыс барысында сөз алған медицина қызметкерлері өз ойларын ортаға салып,алдағы рефенендумға бір кісідей атсалысатындықтарын жеткізді.