Туберкулез – бұл көпшілік айтудан жасыратын ауру, мұның себебі халық арасында ТБ туралы негізсіз үрей бар, ал ол туралы ақпарат жеткіліксіз. Стереотиптер мен аңыздар мысалы адам есірткі тұтынғаннан, маскүнемдікке шалдыққаннан немесе қаңғыбас болғаннан туберкулезбен ауырды дейтін стигманы тудырады.
Әрқайсымыз туберкулездің жұқпалы инфекциялық ауру екенін, туберкулез ауа арқылы, адамнан адамға таралатындықтан ол адамның тұрмысы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамайтынын білуіміз керек.
Иммунитеттің төмендеуі аурудың асқынуына түрткі болады – күйзеліс, дұрыс тамақтанбау, созылмалы аурулар, алкоголь, темекі ағзаның қорғанысын әлсіретеді.
Бүгінде туберкулезден толық айығуға болады! Ол үшін уақыт пен төзім қажет. Өйткені емделу мерзімі жеңіл жағдайда бірнеше айға, ал ауыр және асқынған түрінде бірнеше жылға дейін созылады.
Көптеген науқас достарынан, әріптестерінен, таныстарынан ауруын жасырады. Себебі олар стигмаға және алалау, кемсітуге ұшыраудан қорқады.
Ал туберкулезден емделген ұзақ уақытта адамдарға туыстарының, жақындары мен дос-таныстарының қолдауы аса қажет болады.
Туберкулезге шалдыққан жанға көрсеткен қолдауымыз оларға ауруын жеңуге күш-жігер беретінін және емін толық алып шығуға төзім сыйлайтынын білу бәрімізге аса маңызды.
Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы «Туберкулез емделеді. Біз туберкулезден азат Қазақстанды қолдаймыз!» челенджін бастайды.
Әлеуметтік парақшаларыңызда
#туберкулеземделеді #туберкулездіемдеугеболады #туберкулезге инвестиция сал #ұфғо #ЖОФО #қазақстандағытуберкулез #стигмажəнетуберкулез #туберкулездіемдеу #тбсаласындағыүеұ #туберкулезсізөмір хэштегтермен постерлер жариялау арқылы челленджді қолдаңыз. Егер сіз осы ауруды жеңсеңіз немесе онымен күресіп жатсаңыз – оқиғаңызды жазып жіберіңіз, біз оларды жариялаймыз.
Туберкулез туралы қоғамдық пікірді өзгертетін уақыт келді, бұл дертке шалдыққан адамдарға біздің қолдауымыз аса қажет!