Әріптестерге арналған сабақты Облыстық фтизиопульмонология орталығының (ОФО) мониторинг және бағалау (МжБ) тобының маманы А.Қ. Омарбекова өткізді. Кездесу барысында мамандар жұмыстың негізгі бағыттарын егжей-тегжейлі талқылады:


• есепке алу, есеп беру құжаттамасын жүргізу ережелері;
• ауруды уақтылы анықтау және байланыста болған тұлғалар тобын белгілеу алгоритмдері;
• стационарда туберкулездің алдын алу мен ерте анықтау жұмыстарын күшейту бойынша алдағы жоспарлар.

Мұндай семинарлар дәрігерлерге ауруға қатысты жоғары сақтық деңгейін сақтауға, ықтимал жағдайларға жедел әрекет етуге, сондай-ақ пациенттер мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.