Мониторинг және бағалау (МжБ) тобы Қордай ауданында кезекті әдістемелік көмек көрсетті. Сапар барысында мамандар Бетқайнар, Степное, Жамбыл дәрігерлік амбулаторияларын, сондай-ақ Орталық аудандық аурухананы  аралады.

Сапар барысында мынадай бағыттар бойынша талдау жүргізілді:

  • ФГ-скрининг: ересек тұрғындар арасындағы қауіп-қатер топтары мен міндетті контингентті флюорографиялық тексеруден өткізуді жоспарлау және орындау.
  • Туберкулин диагностикасы: балалар арасындағы қауіп-қатер топтары мен қарым-қатынаста болған адамдарды зерттеумен жоспарлау және қамту.
  • Пациент бағытының сақталуы, күнделік жазбаларын жүргізу және қарым-қатынаста болған адамдарды динамикалық бақылау.
  • Алдыңғы ұсынымдар: өткен мониторингтік сапардың қорытындысы бойынша берілген нұсқамалардың орындалуы.

     2026 жылғы 29 қазандағы іссапардың қорытындысы ретінде бас дәрігердің бірінші орынбасарымен кездесу өтті. Кездесуде  аудандағы эпидемиологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі негізгі мәселелер мен шаралар талқылады.