Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы сіздерді 14 наурыз Көрісу күні (Амал мерекесі) шын жүректен құттықтайды.
14 наурыз – Көрісу күні (Амал мерекесі) – қыстан аман-есен шығып, көктеммен қауышуды білдіретін ежелгі қазақ дәстүрі, Наурыз мейрамының бастауы. Бұл күні адамдар бір-бірімен қол алысып, «Жасың құтты болсын!» деп тілек айтады, өкпе-ренішті кешіріп, үлкендерге құрмет көрсетеді.





