Тараз қаласының№ 9 емханасының медицина қызметкерлеріне 18.03.2025 жылы Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының  балалар фтизиатры Абуова Д.М. 24.02 - 24.03  аралығында өтетін Дүниежүзілік  туберкулезбен  күресу  айлығына орай , 2025 жылдың  ұраны: «Ия, Біз ТУБЕРКУЛЕЗДІ  жеңе аламыз: міндеттенеміз, қаржы құямыз, әрекет етеміз!»тақырыбында және балалар туберкулезінің алдын алу, емдеу, профилактикасы жөнінде семинар өткізді.

Іс-шара барысында емхана қызметкерлеріне туберкулез дерті жайлы қысқаша видеороликтер көрсетіп туберкулездің алдын алу, аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде медициналық көмекке дер кезінде жүгіну қажеттілігін, салауатты өмір салты туралы кеңінен айтылды. Бұл іс-шараға емхананың 25 қызметкерлеріқатысты.