13 наурыздан бастап Алматыда туберкулез бағдарламасы бойынша мониторинг пен бағалаудың жаңартылған моделі бойынша тренинг өтуде. Тренингтің мақсаты – ақпараттық жүйелерді пайдалану бойынша өңірлік топтардың әлеуетін күшейту, тәжірибе алмасу, Қазақстан Республикасының туберкулезге қарсы бағдарламасының мониторингі мен бағалау жүйесінің тиімділігін арттыру үшін өңірлерде жаңартылған моделін енгізу.

Тренингке Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы мониторинг және бағалау тобының жетекшісі Омарбекова Ақмарал қатысып, Жамбыл облысындағы жабық әлеуметтік мекемелердегі негізгі проблемалар мен тәуекелдер туралы презентация жасады.