Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі медицина қызметкерлері арасында Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының фтизиатр дәрігері Шин М.В., эпидемиолог дәрігерлер: Әбілхайыр Жөгібайұлы мен Оспанов Ә.С. 24.02 - 24.03.2025 ж. аралығында « Ия, Біз ТУБЕРКУЛЕЗДІ жеңе аламыз: міндеттенеміз, қаржы құямыз, әрекет етеміз!» ұранымен өтіп жатқан Дүниежүзілік туберкулезбен күресу айлығына орай 13.03.2025 жылы кездесу өткізді.

Кездесу барысында білімгерлерге туберкулез дерті жайлы қысқаша видеороликтер көрсетіліп, туберкулездің алдын алу, аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде медициналық көмекке дер кезінде жүгіну қажеттілігін, салауатты өмір салтын сақтау туралы кеңінен айтылды.