2025 жылдың 6 ақпанында Алматы қаласында «Туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламаны іске асырудың 2024 жыл бойынша қорытындылары» Республикалық үйлестіру кеңесі жұмысын бастады.

 Оған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының, Жаһандық қордың жобаларын іске асыру тобының (ЖҚ ЖІАТ), «Қазақстан фтизиопульмонологтары қауымдастығы» ҚБ және «Денсаулық жолындағы серіктестер» халықаралық ҮЕҰ өкілдері, облыстық фтизиопульмонология орталықтарының бас дәрігерлері,  ұйымдастыру әдістемелік жұмыстарын жүргізу жөніндегі орынбасарлары қатысып отыр. Жамбыл облысы бойынша 2024 жылдың қорытынды есебімен фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері Д.О.Шымыров мәлімдеме жасады.

Сонымен қатар туберкулезге қарсы іс-шаралар менеджментіндегі жаңа және өзекті тақырыптар сөз болды. Қазақстанның фтизиопульмонология қызметін жаңалау, балалар туберкулезін, туберкулез инфекциясын, дәріге төзімді туберкулезді анықтау, диагностика жасау және емдеу,  үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) жұмысының қорытындысы және фтизиопульмоноогиялық қызметті дамыту мүмкіндіктері талқыланды.