2024 жылғы 15 мамырда Алматы мемлекеттік табиғи қорығында "Солтүстік Тянь-Шаньның орталық бөлігіндегі мұздықтардың қазіргі жағдайы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесуге Алматы облысы Талғар ауданы ТЖД, Алматы қаласы альпинизм федерациясының, Қазальпинклуб өкілдері және @falpkz, @kazalpineclub, @almaty_excursion гидтері қатысты.
Жиынға қатысушылар қоқыс, өрт қаупі және қорық аумағына заңсыз кіру сияқты мәселелерді талқылады. Осыған байланысты дөңгелек үстелге қатысушылар аталған мәселелерді шешу үшін бірлескен іс-қимыл стратегиясын әзірледі.